Қазақ тілінің заңға сәйкес дұрыс қолданылуын қадағалау, қазақ тілінің мәртебесі жолында еңбек ету.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғалы 30 жылдан асты. Өкініштісі, әлі күнге дейін қазақ тілінің мәртебесі тек қағаз жүзінде қорғалып келеді.
Түрлі деректеме мен көрнекі ақпараттардағы қателіктер жаға ұстатады. Бұл мәселе әр қазақты ойландыруы тиіс. Олай болса, біздің мақсатымыз – сол қателіктерді түзетіп, ана тіліміздің абыройын көтеру.






Тіл жанашыры қателіктерді түзету барысында кез келген тұлғамен сыпайы сөйлесуі қажет. Нысанға жауапты тұлға қателіктерді түзетуден бас тартқан жағдайда толық ақпаратты біздің WhatApp нөмірімізге жолдауын өтінеміз.
Жылдың соңына дейін ең үздік нәтиже көрсеткен 3 Тіл жанашырына ақшалай сыйлықтар табысталады.
Сыйақы көлемі
Сонымен қатар еліміздің әр өңірі бойынша үздік нәтиже көрсеткен 20 тіл жанашыры сапалы свитшоттармен марапатталады.
Жоба жеңімпаздары қателерді табу, оларды нысан иесіне жеткізу және шын мәнінде өзгерту бойынша нақты нәтиже санымен анықталады.
Жеңімпаздар желтоқсан айында анықталып, марапатталады
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі.
© «МҚҰ «TAS FINANCE GROUP»(ТАС ФИНАНС ГРУПП) ресми сайты, № 05.21.0006.М лицензиясы. ARRFR 2021 жылдың 26 ақпанында шығарған.
Барлық құқықтар қорғалған, 2023 ж